Call-center 1411

You are here

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасынының жүзеге асырылуы бойынша

Бағдарламаны жүзеге асыруға облысқа 6470,5 млн теңге қаражат бөлінді (республикалық бюджет есебінен 4614,8 млн. теңге, жалпы трансферттер есебінен 1855,7 млн. теңге). Ағымдағы жылдың шілдесіне 13991 адам жұмыспен қамту орталығына жолығып, соның ішінде 11998 адам Бағдарламаға қатысушы құрамына енгізілді (7595 адам (63,3%) жұмыссыз, 883 адам (7,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 3520 адам (29,3%) жұмыс іздеуші тұлға).
Бағдарламаға қатысушылар қатарындағы 29 жасқа дейінгі жастағы жастардың үлесі 29,8 % (3573 адам), әйелдердің үлесі – 51,2% (6139 адам), аз қамтылғандардың үлесі 13,4% (1603 адам), мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлесі – 3,2% (387 адам) құрайды. Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға облыстың 13 білім беру ұйымдарында 36 мамандық бойынша 800 адамды оқыту жоспарланды. Оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Сонымен қатар, облыстың 23 колледжі мен 13 оқу орталығына жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1500 адамды жолдау мақсатында 239,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 1085 адам оқуға жолданды, 328 адам оқуларын аяқтады, 97 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 29,6%.
Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 645 адамға 4 293,9 млн. теңге көлемінде несие беру (соның ішінде ауылдық жерде 585 адам – 4014,5 млн.теңге, моноқалаларда, кіші қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға 26 адам – 279,4 млн.теңге, 34 адам қайтарылған қаражат есебінен), 26 адамға 100 АЕК дейін гранттар беру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 226 адамға несие берілді (соның ішінде қала бойынша 27 адамға 2017 жылдың қаражатынан). Сонымен қатар, 12 аудан бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2071 адамды оқыту жоспарланып, 820 адам жолданды, солардың ішінен 742 – сі оқуларын аяқтап, 134-і несие алды.
Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында: - 770 адамды әлеуметтік жұмысорындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 886 адам жолданды, соның ішінде Бағдарлама аясында 630 адам; - 1314 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 747 адам жолданды, соның ішінде Бағдарлама аясында 497 адам; - 5067 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 3519 адам тартылды. Жаңа Бағдарламаны іске асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2018 жылдың I тоқсанына 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0% (2018 жылдың I тоқсанына 4,0%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2018 жылдың I тоқсанына бойынша 5,2%) құрайды деп жоспарлануда.

 

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
10.07.2018