Call-center 1411

You are here

Бос жұмыс орындарына жәрменке

2018 жылдың 9-10 шілдесі аралығында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, өңірлерінен аймағымызға келген арнайы делегация мүшелері Қызылорда қаласы, Байқоңыр қаласы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында, «бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін» өткізуде. Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 9 шілдеде Қызылорда қаласында сағат 16.00-де, 10 шілдеде Шиелі ауданында сағат 10.00-де, Жаңақорған ауданында, сағат 16.00-де,Байқоңыр қаласында 16.00-де өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы және Қостанай облыстарынан 2 197 - ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Бос жұмыс орындарынын мамандықтары: дәрігерлер, хирург, кардиолог, культиваторлар, әкім орынбасарлары, медбикелер, жүргізушілер, қолөнершілер, машина операторлары, агроном, аспаз және т.б. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында қажетті жұмыс орындарын таңдау, ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысу, кәсіби мамандыққа және қайта даярлау курстарына оқу, өз-өзіңді жұмыспен қамтудың жолдары жөнінде кеңестер беріледі.Бағдарламаға қатысушыларды мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беру қамтамасыз етіледі.

Аймақ: 
Қызылорда облысы
09.07.2018