Call-center 1411

You are here

Астана күніне орай, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Бүгін,3 шілдеде ұйымдастырылған кезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту.
Жәрмеңке қатысушыларына Бағдарлама аясында шағын несие алу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту, жоғары, арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша еңбек өтілін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесі ұсынылды және «Гүлдене бер,туған ел!» акциясы аясында жоғары сынып оқушылары мен студенттерді жазғы каникул кезінде қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағыттау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 63 мекеме, құрылыс, сауда, аспазшы, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салалары бойынша 613 жұмыс орны ұсынылды. Сонымен қатар, Ақтөбе автожол колледжі, Ақтөбе технико-технологиялық колледжі, Ақтөбе мұнай және газ колледжі, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің өкілдері қатысып, колледждерінің оқу мамандықтары мен мерзімі туралы мағлұмат берді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында өз кәсібін кеңейту мақсатында шағыннесие алған кәсіпкерлер өз өнімдерін сатуға ұсынды.Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар шақырылды.
Жәрмеңкеге 203 жұмыссыз азамат жолықты, жәрмеңке барысында жалпы 80 жұмыссыз азаматтарға жолдама берілді. Нәтижесі апталық мерзімде белгілі болады. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграмм парақшаларына жарияланды.
Жыл басынан 5 кезекті және 5 мамандандырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 547 адам жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта, порталда Ақтөбе қаласы бойынша 2360 бос жұмыс орындары мен 2807 түйіндемелер орналастырылған.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
03.07.2018