Call-center 1411

You are here

Ақтөбе қаласында айналма тас жолында «Қамқор» акциясы өткізілді

А.ж. 22 маусымында Халықты жұмыспен қамту орталығы және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, К.Нокин даңғылының айналма тас жолында бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, жұмыссыз және өзін-өзі қамтушыларға белсенді шараларға қатыстыру мақсатында «Қамқор» акциясы өткізілді.
Акция барысында 20 ға жуық адамдармен сұхбат жүргізілді, Жұмыспен қамту орталығының ұсынылған жұмыстарынан бас тартып, жалақысы 200 мың теңге болатын вахталық әдіспен жұмыс керектігін жеткізді, соған қарамастан Жұмыспен қамту орталығының көрсетілетін қызметтері түсіндіріліп, координаттары ұсынылды. Сонымен қатар, кейбір адамдардың тұрақты мекен-жайлары облыс аудандарында және вахталық әдіспен жұмыс жасайтындары, демалыс уақытында қалада қосымша табыс табатындығы белгілі болды.
Қазіргі таңда күнделікті табыс табатындықтан, осы жұмыстары көңілдерінен шығады, себебі жұмыс атқаруына байланысты қаражаттарын күнделікті алады. Еңбек заңнамасының шарттарына сәйкес жұмыс берушімен еңбек қатынасын рәсімдеу немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет екендігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Қамқор» акциясы шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және аз қамтылған отбасыларына жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мүмкіндіктері айтылды.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
25.06.2018