Call-center 1411

You are here

Мемлекеттің көмегімен өз кәсібін кеңейте алды

Бағдарлама қатысушысы Габитов Радим Вадимович, 22.02.1977 жылы туылған. 2018 жылдың 23 қаңтар айында Радим Вадимович жұмыспен қамту орталығына жолығу барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты жөнінде мамандардан кеңес алып, Ақтөбе қаласында караоке бар және әсемдік салон ашу мақсатында шағын несие алуға ниет білдірді.
Жолығу барысында ол жеке кәсіпкер статусына ие болған.Габитов Радим мемлекеттік Бағдарлама аясында 2018 жылдың 1 наурыз айында Ақтөбе қаласында әсемдік салонын ашу мақсатында 14,1 млн. тг көлемінде шағын несие алды. Радим алған қаражатына бизнес үшін арналған жылжымайтын мүлікті және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ісін бастап кетуде. Бүгінгі күнге Габитов Радим 5 адамды тұрақты жұмыс орнына қабылдап, қаланың дамуына өз септігін тигізуде.Ол Бағдарламаның төмен пайыздық мөлшерлемесі, икемді қарызды өтеу кестесі, қарызды өтеуді кейінгі қалдыруды ерекше атап өтіп, несие саясатына қолдау білдіретінін жеткізді.Бағдарламаға қатысу біздің мемлекеттің дамуы үшін үлкен септігін тигізеді.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 25.06.2018