Call-center 1411

You are here

Бағдарлама арқылы тұрақты жұмысқа орналасты

Шеримбетов Асхат Мухамеджанұлы -1994 жылы туылған, Тереңөзек кенті, Ғани Мұратбаев  көшесі, 93 үй тұрғыны, «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК колледжін 2016 жылы «ақпараттық жүйелер» мамандығы  бойынша бітірген, жұмыссыз.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша мамандығына сәйкес, 2018 жылдың сәуір айының 9-нан бастап, аудан орталығындағы №131 Т.Қозыбаев  атындағы мектепке  жастар тәжірибесімен жұмыс жасауға жолдама берілді, өзін жақсы маман ретінде көрсете біліп, іс тәжірибе жинақтап,   қазіргі уақытта аудандық Казпочта мекемесіне «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 2018 жылдың маусым айының 1-нен   бастап,  тұрақты жұмысқа орналасты.

Аймақ: 
Қызылорда облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 22.06.2018