Call-center 1411

You are here

Студенттер арасында кәсіптік бағдар беру жалғасуда

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқыту бөлімінің маманы Ж.Р.Тұрғынова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына  ақпаратты-кеңес беру жұмыстарын жүргізді, сонымен бірге «БЖЗҚ» АҚ Алматы бөлімшесінің бөлім бастығының орынбасары Н.Ермаханұлы қатысты.
Аталған іс-шараға 3-4 курстардың шамамен 50 түлек  қатысты. Колледждің стратегиялық мақсаты: жоғары мамандандырылған мамандар – техник-механиктерді, техник—электроншыларды, модельер-конструктор-ларды даярлау болып табылады. Ксәіпорын мен колледждің әлеуметтік серіктестері, тігін фирмалары, әйелдер мен ерлерге арналған сырт киімдер, мектеп формасын тігеді.Заманауи жағдайда оқыту орырндарында кәсіптік оқытуға ынталандырудың мәні жоғарылайды. Жаңа білім мен кәсіптік дағды алуға талпыну едәуір күшейеді, егер үйренуші өзінің жеке өмірлік жоспарлары мен мақсаттарын іске асыру үшін үздіксіз білім алуын, ертерек жұмысқа орналасып, тұрақты жұмысқақол жеткізу керектігін нақты түсінуі қажет. Студенттерге кәсіптік қайта оқыту жұмыспен қамту орталығымен бірге оқу орындары мен колледждер де өткізілетіні айтылды. Әдетте, білім беру мекемелеріне барғанда біз студенттермен еңбек нарығының жай-күйі туралы және жұмысқа орналасу бойынша белсенді шаралар туралы келіссөздер жүргіземіз. Біз сондай-ақ «Еңбек нарығы» ақпараттық технологиясын пайдалануды ұсындық және «Жұмыс» интернет-порталы олардың жұмысқа орналасуына көмектеседі.Сөйлесудің соңында студенттер мамандыққа қатысты әртүрлі сұрақтар қойды,олардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Студенттер бағдарлама туралы өз пікірін білдірді, байланыс ақпаратымен алмасты жәнедер кезіндегі қажетті ақпаратқа алғысын білдірді. Жұмыспен қамту орталығы туралы 50 брошюра таратылды.

Аймақ: 
Алматы қ.
13.06.2018