Call-center 1411

You are here

Халықты жұмыспен қамту орталығы шағын бос орындар жәрмеңкесін өткізді

Елорданың жұмыспен қамту орталығында пробация қызметінде есепте тұратын (жазаның шартты мерзімін өтеушілерге) тұлғаларға арналған бос жұмыс орындарының шағын – жәрмеңкесі өтті.
Іс-шара Астана қаласының 20 жылдығын атап өту қарсаңында ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету аясында өтті.
Психологиялық қолдау және жұмыспен қамту – олардың одан әрі қоғамда әлеуметтенуі мен бейімделуіне маңызды саты болып табылады. Жәрмеңкеге жұмыс беруші есебінде қаланың 6 кәсіпорны қатысты. Олар: «Астана-Зеленстрой», «Цесна Астық» концерні», «Целингидромаш» және т.б. Олар 16 бос жұмыс орнын ұсынды. Шағын – жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 6 жұмыс іздеуші жұмыс берушілерден негізгі әңгімелесуге шақырту алды.
Бір сөзбен айтқанда жыл басынан бері Орталықтың көмегімен аталған санаттың қатарынан 40-тан астам адам жұмысқа орналасты.

Аймақ: 
Астана қ.
24.05.2018