Call-center 1411

You are here

Лебяжье ауылында кәсіпкерлікті дамыту

Неугасимова Ирина Павловна 1988 жылы туған, 2015 жылы жеке ісін ашқан кезде мемлекет тарапынан көмек алу мүмкіндігі туралы біліп, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушы болып, ІҚМ өсіру бойынша бизнес жобасын жасап, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы жобаны іске асыруға 1 млн.теңге қаржы алды. Алған қаражатқа 5 сиыр және 4 бұзау сатып алды. 2017 жылы Ирина Павловна кредитін мерзімінен бұрын өтеп, микрокредит алуға қайта жүгінді, сиыр және бұзау сатып алуға 3 млн.теңге алды, бір жұмыс орнын ашты.Ирина Павловнаның айтуынша, бизнес тұрақты табыс әкеледі және бизнесі табысты дамиды деп үміттенеді.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 21.05.2018