Call-center 1411

You are here

Бағдарламаны іске асыру барысы туралы 2018 жылдың 1-ші мамырына ақпарат

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» (ары қарай - Бағдарлама) аясында 2018 жылға барлығы 10,4 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 7,6 млрд.теңге бөлініп, 15762 адамды қамту жоспарланған болатын.

Ағымдағы жылдың 1-мамырына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 11116 адам тартылды,  соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына - 3682 адам орналасып, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1011 адам, жастар практикасына 1131 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3006 жұмыссыз тартылды, 1652 адам қысқа мерзімді курстарға жолданып, 595 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді, 39 адам микрокредит алды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2018 жылы барлығы 4870 адамды оқытуға 1901,2 млн.теңге бөлінді.

Соның ішінде 770 адамды  кәсіптік даярлауға  640,4 млн.теңге (өткен жылдан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 4100 адамды оқыту үшін 1259,8 млн.теңге қаралды. Осы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру  үшін Тараз қаласы және аудандардың ұсыныстары негізінде 47 мамандық  бойынша  41 білім ұйымдары белгіленді. Қысқа мерзімдік курстар  сәуір айында басталып, а.ж. 1 мамырына 1652 адам оқуға жолданды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты Бағдарламаның 2-ші бағытына барлығы 2336 адамды қамтуға 3715,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл 2-ші бағыт аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 2336 адам кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, есепті кезеңге 595 адам оқуға жолданды.

Осы бағыт бойынша шағын несие беру ауылда және қалада болып бөлінеді.

Ауылда шағын несие «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы мен микроқаржы ұйымдары, несие серіктестіктері арқылы беріліп, оларды қорландыру (фондирование) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы жүргізіледі.

2018 жылы ауыл тұрғындарына несие беруге барлығы 2611,0 млн.теңге (республикалық бюджеттен - 2111,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 500,0 млн.теңге), шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға – 31,7 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күні несиелік шарттарға қол қойылып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» облыстық филиалына - 1266,6 млн.теңге, Аграрлық несие корпорациясына 844,4 млн.теңге қаржы аударылып, несиелендіру жұмыстары басталуда.  

Ал, қалалардағы шағын несие екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы беріліп, оларды қорландыру (фондирование) «Даму» АҚ-ы арқылы жүргізіледі.

Қалада шағын несие беруге республикалық бюджеттен - 235,5 млн.теңге қаралып, несиелік шарттарға қол қойылып, «Даму» қорымен келісім-шарт жасалып, оның есеп-шотына барлық қаржы аударылды. Қазіргі уақытта «Даму» АҚ-ы мен екінші деңгейдегі банктер арасында келісім-шарттар жасалып, қаржы аудару жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде Халық банкіне – 100,0 млн.тг., «АТФ» банкке – 50,0 млн.тг., Сбербанкке – 85,5 млн.тг. Осы бағытта қосымша 533,4 млн.теңге бөлінеді деп күтілуде. Шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгроКепіл» АҚ-ы, қалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 8556 адамды қамтуға 4840,5 млн. теңге бөлінді.

Осы ба5ыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1144 орынға 212,4 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1011 адам жолданды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 2153 орынға 644,1 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде жастар практикасына 1131 түлек жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 4837 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1337,7 млн.теңге қаржы қаралды. Ағымдағы жылдың 4 айында қоғамдық жұмыстарға   3006 адам   жолданды. 

Бағдарламаның осы бағыты аясында инфрақұрылымдық жобаларды, яғни жөндеу жұмыстарын жүргізуді іске асыру  және осы жобаларда құрылған жұмыс орындарының кемінде 50%-на Бағдарламаға қатысушыларды жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастыру қарастырылған. Ағымдағы жылы  инфрақұрылымдық жобаларға 2646,3  млн.теңге бөлінді. 15 жобаны (білім саласы бойынша 14 жоба,  спорт   саласы бойынша 1 жоба) іске асыру жоспарланды. Осы жобаларда 844 жұмыс орындары ашылып, оның 50% (422 адам) жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастырылатын болады.

Бүгінгі күнге спорт саласындағы нысанда жұмыс басталды (мердігер"Шынбота" ЖШС-і (82,6 млн. теңге). ол жобада  барлығы 28 жұмыс орындары ашылса, оның 14-не немесе 50 пайызына жұмыспен қамту орталығымен жолданды. Қалған 14 жоба бойынша конкурстар жарияланды.

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,  яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған. 

Бағдарламаның  бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күнге СҚО, Павлодар, ШҚО, Қостанай облыстарынан келіп түскен  сол өңірлерге қажетті мамандар бойынша ваканттық жұмыс орындарының тізімі тиісті жұмыстар жүргізу үшін барлық аудандық/қалалық жұмыспен қамту орталықтарына уақытылы жолданып отыр.

Өткізілген түсіндірме жұмыстар нәтижесінде ағымдың жылдың  1  мамырына  жұмыс күші тапшы өңірлерге 34  отбасы, 159  адам қоныс аударды, оның ішінде:

1. Солтүстік Қазақстан облысына -  27 отбасы, 126  адам,

2. Павлодар облысына -  5   отбасы, 22 адам,

3. Шығыс Қазақстан облысы- 2 отбасы, 11 адам.

Қоныс аударушы отбасылар толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық отбасы мүшелеріне субсидиялар төленді және жалдамалы тұрғын үймен қамтылған. Отбасы басшылары және жұмысқа қабілетті жасындағы азаматтар  тұрақты жұмыс орындарына тартылған. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы жұмыссыздық деңгейі  өткен жылғы  деңгейде сақталып, 2018 жылдың 1-тоқсанында 4,9 %-ды құрады. Ал, жастар жұмыссыздық деңгейі 4,6%-дан 2,6%-ға дейін төмендеді.

Аймақ: 
Жамбылская область
16.05.2018