Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңберінде Қызылқоға ауданының Миялы ауылында фотосалон ашылды

Нысанбаев Әділбек Бөкенұлы 1994 жылы 11 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Миялы селосының тұрғыны Нысанбаев Әділбек Бөкенұлы 2017 жылы жұмыспен қамту орталығының мамандарына жолығып кеңес алады.
«Еңбек» "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға қажетті құжаттарын толықтай жинап, бизнесті дамыту арқылы әлеуметтің әлеуетін арттыруға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы шағын несие алуға өтініш білдіріп, фото салон ашуға 4 000 000 теңге несие алады. Қазіргі таңда Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан фотосалон ашып, халыққа қолжетімді бағамен қызмет көрсетуде.

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 16.05.2018