Call-center 1411

You are here

«ALMATY JUMYS» бос орындар жәрмеңкесі

Ағымды жылдың 11 мамырында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы UIB Халықаралық Бизнес Университетімен бірлесіп, жастар мен түлектерге арналған ауқымды «ALMATY JUMYS» мамандандырылған бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Бос орындар жәрмеңкесін Халықаралық бизнес университетінің президенті Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки ашты.
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отыншиев сөз сөйледі. Бос орындар жәрмеңкесінде 2 мыңнан аса бос орын ұсынған, 325 жұмыс берушілер қатысты. Олардың ішінде «MOSKVA metropolitan» ЖШС,"СП" ЖШС, "КОКА КОЛА" Алматы БОТТЛЕРС", «MINISO KAZAKHSTAN» ЖШС, «Нұрбанк» АҚ, «Қазақстан» қонақ үйі, «Gulser Computers» ЖШС,«Халық банк», «Nestle Food Kazakhstan», «Уют» қонақ үйі бар. Сонымен бірге Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры қатысты. Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде әсер етудің белсенді шаралары туралы жәрмеңкеге қатысушыларға кеңес берді және ақпараттандырды. Бос орындар жәрмеңкесіне 3 мыңнан аса жұмыс іздеушілер мен жоғары оқу орындарының түлектері келді. Жұмыс іздеушілердің 300 түйіндемесі мен сауалнамалары қабылданды. Жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін, жәрмеңкеге келушілерге 26 мастер кластар ұйымдастырылды: - «Маркетингтің заманауи трендтері»; - «Түйіндемені қалай дұрыс жасау керек және жұмыс берушімен қалай сұхбаттасудан өту керек»; - «Заманауи қаржыгер»; - «Компания туралы тұсаукесер» және басқалар. Жәрмеңке барысында Жұмыс берушілер форумы өтті. «ALMATY JUMYS» жәрмеңкесінің қортындысы бойынша 1000-нан аса адам кеңес алды. Жәрмеңке БАҚ-пен жарықтандырылды – «Қазақстан», «СТВ» телеарналары, «Вечерний Алматы», Алматы «Ақшамы» газеттері. Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М.Сүйіндіков сұхбат берді.

Аймақ: 
Алматы қ.
14.05.2018