Call-center 1411

You are here

Картоп өсіру кәсіпкерлік

Бағдарламаның екінші бағыты "Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жж.арналған бағдарламасы" бойынша қатысуға тілек білдірген азаматтар, жұмыспен қамту орталықтарына хабарласады, оларға бағдарлама шеңберінде шағын несиені алудың және басқа да қосымша мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктері туралы мамандар кеңес береді.
Бүгін біз Бағдарламамыздың қатысушысы Құлманов Қайрат Жұмақанұлы туралы сөз қозғаймыз. Қайрат Жұмақанұлы еліміздің азаматы, осында туып өскен. Өмірінде жеке кәсіпкер боламын деген ой тумаған еді, бірақ тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасып, өркендеп келе жатқан жылдарында, өз жеке ісі туралы ойлана бастады. Ал оны қалай бастау керек?, деген сұрақ туды. БАҚ-да "Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы 2017-2021 жж мемлекеттік бағдарламасы" туралы оқып, жанұялық кеңесте ақылдасып, тәуекелге бел буып, жеке іспен айналысуға шешім қабылдады. Қайрат көкөніс өсіруге ниет білдіріп, оның ішінде картоп өсіру кәсіпкерлік – ұсыныс арызын берді. Бастапқыда ол Бағдарламаның шағын кәсіпкерлікті жүргізу бойынша міндетті оқыту курстарынан өтті. Бұл курстарда "Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жж.арналған бағдарламасы". Бағдарлама жаңа мүмкіндіктер ашқаны туралы ақпарат алды. Жарты жыл ішінде барлық құжаттары рәсімделіп, мақұлданды және Қайрат Жұмақанұлы өз кәсібін ашуға 2,6 млн. теңгенің иегері атанды. Алынған қаражатқа қартоптың роздалинда, редскат, гала 3 түрінің тұқымын алуға жұмсады. Қазіргі таңда ағамыздың ісі алға басып келеді, алда үлкен жоспарлар күтіп тұр.

Аймақ: 
Қостанай облысы
Жібек шаруашылығы
, 14.05.2018