Call-center 1411

You are here

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту органдарының мамандары базарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді

А.ж. 03 мамырында «Шығыс» сауда орталығында жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы азаматтарды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының белсенді шараларына қатыстырумақсатында «Қамқор» акциясы өткізілді. Сонымен қатар, Орталық мамандарымен «Қамқор» акциясы шеңберінде аз қамтылған отбасыларына жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мүмкіндіктері түсіндірілді. Белсенділермен мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық парақшалар, буклеттер таратылды.
Анықтама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына (Ш.Уәлиханов көшесі, 12) және Халықтық кеңсесіне (Сәңкібай батыр даңғылы, 249) жолығуыңызға болады. Байланыс телефоны: 41-14-48. Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9-00 ден 18-30, түскі үзіліс 12-30 дан 14-00 аралығында жүргізіледі. Ақпараттардың қол жетімді болуы үшін aktobe_ozsp және akimat_aktobe - Инстаграм әлеуметтік желісінде толық мағлұмат жарияланады.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
05.05.2018