Call-center 1411

You are here

Мамандықты Сіз таңдайсыз

Алматы қаласы Алмалы ауданының ІІБ-да ауданның пробация қызметімен дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараға пробация қызметінің, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ң, Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының өкілдері, пробация қызметінде есепте тұрған 5 азамат қатысты.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» түсіндіру.
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Е.Жақыпова бағдарламаны түсіндірді, бағдарлама аясында пробация қызметінде есепке тіркелген, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыруда – кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар іс-тәжірибесіне бағыт беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Даму» қорының өкілдері жаппай кәсіпкерлік шарттарын құру мен ынталандыру бойынша, кәсіпкерлік негіздерінің кім қатысушысы бола алады, шағын несиені қандай жағдайда алуға болатыны туралы жан-жақты түсіндірді. Іс-шараны өткізу барысында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар қойған сұрақтарына жауаптар алды, жұмыссыздар ретінде тіркелудің тәртібімен, тіркелу рәсімдерімен, кәсіптік білім алудың мүмкіндіктерімен танысты. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендерді Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекенжай бойынша шақырамыз:Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
04.05.2018