Call-center 1411

You are here

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына ҚР Еңбек және әлеуметтік-қорғау Вице-министрі келді

2018 жылғы 6 сәуірде Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына ҚР Еңбек және әлеуметтік-қорғау Вице-министріСветлана Қабыкенқызы Жақыпова келді. Вице-министр Жұмысты қамту орталығы бөлімдерінің жұмысымен, клиенттермен жұмысы істеу бойынша және «АИС еңбек нарығы» базасымен танысты.
Орталық мамандарының халықты нысандандыру бойынша сұрақтарына жауап берді:

1) үй шаруасындағы әйелдерді нысандандыру;

2) мүгедектерді күтуші тұлғаларды нысандандыру;

Кездесу барысында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған, мемлекеттік қызметтер Вице-министрдің назарына алынды. Операциялық залдың жасалуы мен кәсіби жұмысы, мүгедектерге қызмет көрсету бойынша қолайлы жағдайлардың деңгейі қаралды. Шағын несие беру, кәсіптік оқыту, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектер мен жұмыс берушілермен келісім-шарттарды заңдастыру бойынша белсенді жұмыс туралы кеңестер берілді. 

Аймақ: 
Алматы қ.
11.04.2018