Call-center 1411

You are here

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

         2018 жылғы 4 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.Иксанова, З.Аманжолова, «Нұр Отан» паратиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Ж.Омарбекованың жеке жұмыспен қамту агенттіктері, жеке рекрутингтік агенттіктер өкілдерімен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» мен басқа да әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды түсіндіру бойынша    кездесуі өтті.

         Кездесуге Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Г.Абуева, Жұмыспен қамту орталығының директоры М.Сүйіндіков, жұмыспен қамту мәселелері бойынша сарапшы, э.ғ.к. А.Курасова, қаланың қоғамдық кеңесінің мүшесі А.Братенков, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.  

Кездесуде депутаттар әр отбасының тұрғын үй алуға мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмыскерлердің айлықақысын көтеру үшін салық жүктемесін төмендету, жоғары оқу орнының сапасы мен қолжетімділігін көтеру мен студенттік жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту, кішігірім кредиттерді кеңейту, сонымен бірге, еліміздің әрі қарай газбен қамтамасыз етілуі туралы айтты.  

Аймақ: 
г. Алматы
05.04.2018