Call-center 1411

You are here

Бағдарламаға белсенді қатысып өз ісін ашу

Романкулова Мейрамкуль Ахатовна - Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің тұрғыны. 2017 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде шағын несие алып, өз кәсібін ашуға өтініш білдірген. Аудандық жұмыспен қамту орталығы өтінішін қарап, жобаны қаржыландыру үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облысындағы филиалына ұсынды. Ұсынылған бизнес-жоба оң шешімін тауып, қолөнер бұйымдарын тігумен айналысу үшін 1,0 млн. теңге шағын несие берілді.

Қазіргі таңда шағын несие қаражатына қажетті құрал жабдықтарын сатып алып, қолөнер бұйымдарын соның ішінде, қойдың жүнін түтіп, киіз үйдің жабдықтарын, қазақтың ұлттық ою өрнектерін, құрақ көрпелерін тігуде.

Бүгінгі күнге, өзін-өзі жұмыспен қамтып қана  қоймай, 1 адамды тұрақты жұмыспен, 3-адамды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтыған Алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Аймақ: 
Қызылорда облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 03.04.2018