Call-center 1411

You are here

Бағдарламаның іске асыру барысы туралы ақпарат (2018 жылдың 1-ші наурызына)

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» (ары қарай - Бағдарлама) аясында 2018 жылға барлығы 9,9 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 7,1 млрд.теңге  бөлініп, 15762 адамды қамту жоспарланған болатын.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4721 тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына - 1606 адам орналасып, әлеуметтік жұмыс орындарына - 716 адам, жастар практикасына 818 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1581 жұмыссыз тартылды. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2018 жылы барлығы 4870 адамды оқытуға 1934,8 млн.теңге бөлінді. Соның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 675,0 млн.теңге (өткен жылдан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 4100 адамды оқыту үшін 1259,8 млн.теңге қаралды. Осы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру мақсатында Тараз қаласы және аудандардың ұсыныстары негізінде мамандықтар және әрбір мамандықтарға оқытылатындар саны, білім ұйымдары  анықталуда. 
Биыл 2-ші бағыт аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 2336 адам кәсіпкерлікке оқытылады. Қазіргі кезде кәсіпкерлер палатасы тарапынан тиісті ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Осы бағыт бойынша шағын несие беру ауылда және қалада болып бөлінеді. Микрокредит ұйымдары, несие серіктестіктері арқылы беріліп, оларды қорландыру (фондирование) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы жүргізіледі. 2018 жылы ауыл тұрғындарына несие беруге барлығы 2611,0 млн.теңге (республикалық бюджеттен - 2111,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 500,0 млн.теңге), шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға – 31,7 млн.теңге қаралды. Осы бағытта аудан әкімдіктерінен оқудан өтетіндердің құжаттарын дайындап, шағын несие алуға үміткерлер тізімін қайта пысықтауға, олардың оқу сертификаттарының бар болуын қадағалауға, шағын несие алғанға дейін салық органдарында тіркелуіне, алғаннан кейін қосымша жұмыс орындарын ашуына ықпал етулеріңізді сұраймын. Ал, қалалардағы шағын несие екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы беріліп, оларды қорландыру (фондирование) «Даму» АҚ-ы арқылы жүргізіледі. Қалада шағын несие беруге 768,9 млн.теңге (республикалық бюджеттен - 235,5 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 533,4 млн.теңге), шағын несиені кепілдендіруге – 88,3млн.теңге қаралды. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгроКепіл» АҚ-ы, қалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 4293,0 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1144 орынға 256,4 млн.теңге (РБ - 142,6 млн.теңге, ЖБ – 113,8 млн.теңге) қаралып,алғашқы 2 айда әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 153 жұмыс берушімен келісім шарттар жасалынып, бұл жұмыстарға 716 адам жолданды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 2153 орынға 492,4 млн.теңге (РБ - 356,4 млн.теңге, ЖБ – 136,0 млн.теңге) қаралып, алғашқы 2 айда жастар практикасын ұйымдастыруға 388 жұмыс берушімен келісім шарттар жасалынып, бұл жұмыстарға 818 түлек жолданды. Осы бағытта әкімдер әлеуметтік жұмыс орындары (кемінде – 80%) мен жастар практикасына (кемінде – 67%) қатысушыларды мерзімдері біткен соң тұрақты жұмыстармен қамту шараларын қабылдауы қажет. Ақылы қоғамдық жұмысқа 4837 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1008,3 млн.теңге қаржы қаралды. Ағымдағы жылдың 2 айында қоғамдық жұмыстарға 1581 адам жолданды. Бағдарламаның осы бағыты аясында инфрақұрылымдық жобаларды, яғни жөндеу жұмыстарын жүргізуді іске асыру және осы жобаларда құрылған жұмыс орындарының кемінде 50%-на Бағдарламаға қатысушыларды жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастыру қарастырылған. Ағымдағы жылы инфрақұрылымдық жобаларға 2535,9 млн.теңге бөлінді. 15 жобаны (білім саласы бойынша 14 жоба,  спорт   саласы бойынша 1 жоба) іске асыру жоспарланды. Осы жобаларда 844 жұмыс орындары ашылып, оның 50% (422 адам) жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастырылатын болады.   
Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған. Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ақпан айының 23-24 күндері Солтүстік Қазақстан облысы өкілдері делегациясы келіп, Тараз қаласы мен аудандарда халық арасында қоныс аудару мәселесі бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандарымен бірлесіп жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, Қордай ауданынан 12 отбасы, Меркі ауданынан 22 отбасы, Т. Рысқұлов ауданынан 3 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді. Бүгінгі күнге жұмыс күші тапшы өңірлерге қажетті мамандықтар бойынша 3229 бос жұмыс орындар тізімі (оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы- 1162, Қостанай облысы- 642, Павлодар облысы- 628, Шығыс Қазақстан облысы - 797) Басқармаға келіп түсіп, олар тұрақты түрде жаңартылып, қала және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының электрондық мекен-жайларына  жолданып тұрады. Ағымдың жылдың 1 наурызына жұмыс күші тапшы өңірлерге 10 отбасы, 42 адам қоныс аударды, оның ішінде:
1. Солтүстік Қазақстан облысына - 6 отбасы, 23 адам, 2. Павлодар облысына - 4 отбасы, 19 адам. Қоныс аударушы отбасылар толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және жалдамалы тұрғын үймен қамтылған. Отбасы басшылары тұрақты жұмыс орындарына тартылған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстыағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейін сақтап, 2017 жылдың 4 тоқсанында 4,9 %-ды құрады. Ал, жастар жұмыссыздық деңгейі 4,4%-дан 2,8%-ға дейін төмендеді.

Аймақ: 
Жамбыл облысы
16.03.2018