Call-center 1411

You are here

Есіл ауданында мал шаруашылығын дамыту

Владимир Васильевич Завьялов 1972 жылғы 29 мамыра Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы (Есіл ауданы) Покровка ауылында туған. Владимир Васильевич 1987 жылы мектепті бітіріп, Ленин атындағы ауыл шаруашылық техникумына зоотехник мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқудан кейін әскерге шақыртылды, әскерден кейін совхозда бригадир-механизатор болып жұмыс істеді. 2003 жылы Владимир Васильевич өзінің «Завьялов» шаруа қожалығын ашты. «Завьялов» ШҚ теңгерімінде 32 бас ірі қара мал, сұлы мен астық жинауға 2 комбайны, 3 тракторы бар, 310 га жері, сондай-ақ мал бағуға 120 га жайылым жері бар.
2017 жылдың наурыз айында Владимир Васильевич жергілікті газеттердің бірінен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша кредит алу мүмкіндігі туралы оқып, мал басын көбейтуге ниет білдірді. Завьялов В.В. Бағдарламаға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.
2017 жылдың шілде айында Владимир Васильевич өзінің шаруашылық қожалығын кеңейту үшін ІҚМ сатып алуға 4,0 млн.теңге сомасында микрокредит алды. Алған микрокредит қаражатына 16 бас ІҚМ сатып алды.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Мал шаруашылығы
, 14.03.2018