Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту жарысы

Үстіміздегі жылғы 12 наурыздан Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша халықты ақпараттандырудың ауқымды акциясын бастады. Аталған марафон бойынша Жұмыспен қамту орталығының мамандары 20 адам мөлшерінде автобустар, троллейбустар мен метрополитенде, жолаушылар арасында күні бойы үгіт жұмыстарын жүргізулері қажет.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары марафонды метрополитеннен бастады, шамамен 4 мың адам қамтылды, осындай мөлшерде үлестірме мәліметтер таратылды. Жұмыспен қамту орталығының директоры М.Сүйіндіков екі телеарнаға (Алматы ТВ и СТВ ТВ) және Atameken Business Channel порталына сұхбат берді. 13 және 14 наурызда автобустар мен троллейбустарды жөғары айтылған іс - шара жалғасу жұмыстары жоспарланып отыр.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
13.03.2018