Call-center 1411

You are here

Жұмысшы мамандығын игергіңіз келсе, колледждерде тегін оқуға болады

2018 жылғы 23 ақпанда Халықты жұмыспен қамту орталығы (әрі қарай – Жұмыспен қамту орталығы) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң оқытушылары және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
рталықтың өкілдері «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (әрі қарай – Бағдарлама) қатысу туралы айтып берді. Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы К.А.Жекетаев Бағдарламаға енгізілген өзгертулер туралы, жұмыспен қамту орталығын реформалау туралы айтып берді.
Қабылданған жаңа бағдарлама өзгеріске ұшырады, оған «еңбек» деген түсінік енгізілді. Егер студенттер диплом алғаннан кейін, жұмысқа орналаса алмаса, мамандығы бойынша Жұмыспен қамту орталығында көмектеседі. Бұл құқықты олар алты айға есептелген, жастар іс-тәжірибесі шеңберінде алғашқы үш жыл бойы пайдалана алады. Осы уақыт ішінде жастарға өз мамандығы бойынша жұмысына мемлекеттік бюджеттен еңбегіне толық ақы төленеді.  Осы жылы осындай жас мамандардың еңбекақасы 60 мың теңге. Егер өзін жарты жыл ішінде дұрыс көрсете білсе, онда жұмыс берушілер оны тұрақты жұмысқа да алуы мүмкін. Бүгінгі күні жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие. Былтырғы жылдан Жұмыспен қамту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарында  9 және 11-ші сыныптардың 2,5 мың түлектерін жұмысшы мамандықтарына тегін оқытты. Олар бір реттік ыстық тамақпен, шәркіртақымен, жолақымен қамтамасыз етілген. Егер мектеп түлектері тегін оқығысы келсе немесе қандай да бір себептермен жоғары оқу орындарына түспей қалса,  мұндай жағдайда оларға көптеген колледждердің есігі ашық. Барлық тілек білдірушілерді Орталықтан күтеміз. Тізімдер о.ж. 25 тамызына дейін жасалған. Бағдарламаның міндеттерінің бірі кәсіпкерлікке азаматтарды тарту болып табылады. Оның шеңберінде жұмысшы мамандықтары мен дағдыларына еңбек нарығына талап етілген ауыр тұрмыстық жағдайдағы азаматтарға қысқа мерзімдікәсіптік оқыту жүргізіледі.
Бағдарламаның тағы да бір бағыты – қалаларда микрокредиттерді кеңейту, еңбекке тарту бойынша бірлескен сандық алаң құру. Бизнес-жоспарлар жоспарлаған немесе жүзеге асырған тұлғаларға микрокердиттер ұсынылады. Оларды жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар, тіркелуіне қарамастан кәсіпкерлік әлеуетпен өзін өзі жұмыспен қамтушылар ала алады.

Аймақ: 
Алматы қ.
28.02.2018