Call-center 1411

You are here

Өнімді еңбектің жемісі

Телеуова Аккуміс 1961 жылдың 2 наурызында дүниеге келген. Махамбет ауданы Береке ауылының тұрғыны. 2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде тігін цехын ашу үшін 3,0 млн тенге шағын несие алды. Береке ауылынан тігін цехын ашып Бағдарламаға белсенді қатысуда. 2015, 2016 жылдары "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы", 2017 жылы "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның" үшінші бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнын ашып, келісім шарты аяқталғаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауылының аз қамтылған бір адамын қысқа мерзімді курс (тігінші мамандығы бойынша) оқығаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтыды. Қазақтың ұлтық киімдерін, қыз жасауын, төсек орындарын тігеді. Қазіргі таңда тігін цехының жанынан сұлулық салонын ашып ауыл тұрғындарына жемісті қызмет көрсетуде.

 

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 13.02.2018