Call-center 1411

You are here

Ағаш шеберханасының ашылуы

Қаныбаев Мырзабек Конырбайұлы Арал қаласының тұрғыны, 2017 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде шағын несие алып, өз кәсібін ашуға өтініш білдірген.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы өтінішін қарап, жобаны қаржыландыру үшін «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС Қызылорда облысындағы филиалына ұсынды. Ұсынылған бизнес-жоба оң шешімін тауып, ағаш бұйымдарын жасау бағытына 3,0 млн. теңге шағын несие берілді.
Қазіргі таңда шағын несие қаражатына қажетті құрал жабдықтарын сатып алып, ағаштан түрлі бұйымдарын соның ішінде, музыкалық аспаптар, Қорқыт ата мүсіні, және тағы басқа тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда..
Бүгінгі күнге, өзін-өзі жұмыспен қамтып қана қоймай, 1 адамды тұрақты жұмыспен, орындарымен қамтыған Алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

Аймақ: 
Қызылорда облысы
Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 13.02.2018