Call-center 1411

You are here

Ағаш шеберлігі цехының ашылуы

Копеева Гүлнәр Елубайқызы, 2017 жылдың Бурабай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-не Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын несие ресімдеу үшін өтініш білдірді.
Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша Степногорск қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында оқу курсын өтті. 2017 жылдың 11 тамызда 2,4 млн. теңге сома көлемінде, 2019 жылдың 12 тамызына дейінгі мерзімге ұлттық нақшында ағаш бұйымдарды дайындау бойынша ағаш шеберлігі цехын ашу үшін шағын несие алды.
Копеева Гүлнәр Елубайқызы өз ісін ашуға және өзінің туған ауылы Кенесарыда 2 жұмыс орынын құруға көмектескен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болғанына алғысын білдіреді.

 

Аймақ: 
Ақмола облысы
Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 12.02.2018