Call-center 1411

You are here

Павлодар облысы Набережное ауылында құрылыс материалдары өндірісі

Набережное ауылының тұрғыны Жагипаров Кудайберген елуден асқан шамасында өз ісін бастау туралы ойланады. Қандай саланы таңдау керек деп қинала қоймады, себебі ол ұзақ уақыт бойы құрылыста еңбектенді, кез келген жұмысты істеді. Сондықтан таңдау өзіне таныс кірпішті жасауға түсті.   Жеке шаруашылығы мен маңайындағы жер телімі бар Кудайберген Мукангалиүлы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз қаражатына қожды және құмды блоктардың өндірісін ұйымдастырды. Өнеркәсіптік көлемде емес екендігі рас, алайда бірінші клиент өзін көп күттірмеді. Бірте-бірте кірпішті жасау қарқынын үдете бастады, өнім тұрақты түрде өз туған ауылында ғана емес, көрші ауылдарда сатылды, осы кезде кәсіпкерге кеңею туралы ой келді.
Сол кезде жеке қаражат жетпеді, банктан шектен тыс пайызбен несие алу шешім болып табылмады. Бұнда ауыл тұрғынына көмекке мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы келді. Ол газды бетон, жаяужол плиткары мен қабырға блоктарының өндірісін ұйымдастыруға микронесие алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына 2016 жылдың 11 мамырында жүгінді. 2016 жылдың 29 маусымында алты жылдық пайызбен үш миллион теңге несие алды. Осы бағдарлама бойынша берілген қаражаттарға қосымша құрал-жабдықтар алынды. Қазіргі кезде ИП Данияр кірпіштен басқа жаяужол плиткары мен сәндік тастарды жасайды.
2017 жылы 3 жұмыс орнын ашты: 1 тұрақты жұмыс орнына, 2 жұмыспен қамту орталығы арқылы әлеуметтік жұмыс орнына рәсімдеді. Сонымен ол осы бағдарламаның негізгі мақсатының іске асырылуын -  ауылда жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етті.  

 

Аймақ: 
Павлодар облысы
Тұрмыстық тауарлар және құрылыс материалдары
, 09.02.2018