Call-center 1411

You are here

Бағдарламаның 2018 жылдың 1 қаңтарына жүзеге асырылуы туралы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруға республикалық бюджеттен 11,0 млрд.теңге бөлініп, 64314 адам қамтылатыны көзделді.
2018 жылдың 1 қаңтарына бөлінген қаржының 9,3 млрд.теңгесі немесе 84,5 пайызы игеріліп, 93173 Бағдарлама қатысушысына әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді (жылдық жоспардың 144,8% құрады).
Оның ішінде: - 35010 адам жұмыссыздар (37,5%); - 54273 адам өздігінше жұмыспен қамтылғандар (58,2%); - 28263 адам аз қамтылғандар (30,3%); - 33307 адам жастар (35,7%); - 2315адам мүгедектер (2,4%). Бірінші бағыт //Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету// 2017 жылы 17695 адамды оқытуға 2893,9 млн. теңге қаралды, оның ішінде: - 2,5 жыл мерзімде техникалық және кәсіптік білім алуға 4584 адам; - жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 13111 жолдау жоспарланған. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде мамандығы жоқ азаматтар және еңбек нарығының сұранысына орай мамандық иесі болу мақсатында техникалық және кәсіптік білім алуға (4 584 адам), және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (12 159 адам) жалпы 16743 адам жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған 12159 адамның 12159 адамы (100%) оқуды аяқтап, 8116 адамы жұмысқа орналасты (66,7%). Екінші бағыт //Жаппай кәсіпкерлікті дамыту// бойынша 2017 жылы 1500 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқытуға, 813 адамды шағын несиелеуге қатыстыру жоспарланып, жалпы 2 313 адамды қамтуға 5721,3 млн.теңге нақтыланып қаржы қаралды. 2018 жылдың 1 қаңтарына 1519 адам кәсіпкерлік негізінде оқуға жолданып, 1 494 адам сертификат алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауда 5655,5 млн.теңге көлемінде шағын несиемен азаматтарды қамтамасыз ету жоспарланған, оның: - ауыл тұрғындарына 3755,8 млн.теңге (үйлестіруші облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы); - қала тұрғындары1 899,7 млн.теңге (үйлестірушіоблыстық кәсіпкерлік, индустриялды инновациялық даму және туризм басқармасы).
Ауыл тұрғындары бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (1900,0 млн.теңге)және Аграрлық несие корпорация» АҚ-мен (1854,9 млн. теңге) келісім шарттар түзіліп, шағын несие беру жұмыстары ұйымдастырылып, нақты 819 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді. Қала тұрғындары бойынша облыстық кәсіпкерлік, индустриялды инновациялық даму және туризм басқармасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен келісім шарт түзіліп (1688,0 млн теңге), 103 жоба 812,9 млн.теңге көлемінде шағын несие алды.. Қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау жұмыстары бойынша қаржы жаратылмаған. 2018 жылдың 1 қаңтарына 906 адам және 103 жоба 4073,4 млн.теңгеге шағын несиеленді.
Орташа шағын несиенің көлемі 4,2 млн.теңгені құрайды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен іске асырылып жатқан «Ауылдық жерлерде жұмыспен қамту» жобасының шеңберінде 710 адам 1 869,6 млн.теңге шағын несие алды. Несиенің орташа мөлшері 2,6 млн.теңгені құрады. Үшінші бағыты //Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту//.
Аталған бағытқа 2162,3 млн.теңге қаржы бөлініп, 49302 адамды қамту көзделді. Оның ішінде: - тұрақты және уақытша жұмыспен 35137 адам қамтылатыны жоспарланып, нақты 54903 адам жұмыспен қамтылды (44156 адам тұрақты (80,4%), 10747 адам уақытша (19,5%)); - 6145 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды (жылдық жоспар- 3618 адам). Бөлінген қаржының 850,9 млн.теңгесі игерілді (жылдық жоспар-918,4 млн.теңге); - 5586 адам жастар практикасына жіберілді (жылдық жоспар-3709 адам), 1465,2 млн.теңге қаржы игерілді(жылдық жоспар 1465,2 млн.теңге); 6838 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, нақты 8065 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Статистикалық органның мәліметіне сәйкес 2017 жылдың 3 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 5,3%, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 4,1% құрайды.

Аймақ: 
Оңтүстік Қазақстан облысы
09.02.2018