Call-center 1411

You are here

«Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін» Республикалық жүйелік кестеге сәйкес «Ашық есік күні»

2018 жылдың ақпан айының 7 күні «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін» Республикалық жүйелік кестеге сәйкес «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
«Ашық есік күні» акциясына Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы атынан кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы К.Ә. Жекетаев қатысты. Әуезов ауданында орналасқан «Әуезов аудандық мүгедектер» қоғамдық қоры мүгедектері үшін осы «Ашық есік күні» акциясы «дөңгелек үстел» ретінде өтті. «Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба аясында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға мүмкіндігі шектеулі 15 адам қатысты.
«Ашық есік күні» қоғамдық қабылдауға қатысқандар үшін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы және Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыспен қамту бойынша, нысаналы топқа жататын азаматтарға, соның ішінде қаладағы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін арналған міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді. Акцияға қатысқандарға, Жұмыспен қамту орталығының арнайы буклеттері таратылды.
Қоғамдық қабылдау жұмысы барысында қызығушылық тудырған, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мен белсенді шаралар арқылы жұмыспен қамту саласында көрсетілетін көмектер туралы, мүгедектер тарапынан сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. 

 

Аймақ: 
Алматы қ.
08.02.2018