Қала әкімі орынбасарымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асыру сұрақтары бойынша жиналыс өтті

2018 жылы 10 қаңтарында қала әкімі орынбасарымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асыру сұрақтары бойынша, соның ішінде 2018 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларға жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа облыстық және қалалық құрылымдардың басшылары шақырылып, ағымдағы жылы жүргізілетін инфрақұрылымды жобаларға қабылданатын азаматтар бойынша міндеттемелерді орындау туралы бірқатар ұсынымдар берілді.

 Мердігер мекемелер жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналасу үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз ету міндетті шарты болып келеді.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
11.01.2018