Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында Бағдарлама шеңберінде мал шаруашылығын дамыту

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2017 жылы келіп «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы бағыттары жөнінде консультация алған Жанадилов Муслим Бағдарламаның ІІ бағыты аясында 2017 жылы 4,0  млн. теңге несие алды. Ол несие соммасына бұқалар алып бордақылауда. Өзінің ісін әрі  қарай өрбітіп дамыту мақсатында несие қаражатынмал шаруашылығына жұмсаған. Сонымен қатар 1 қосымша жұмыс орнын ашты. Жаңадан өз ісін ашқандарға және кеңейткендерге өте тиімді пайызбен беріліп отырған шағын несие мемлекеттік қолдау, әлеуметтік жағдайдың, халық табысы деңгейініңнеғұрлым көтерілуіне бірден-бір себепші бағдар. Өз мал шаруашылыгын дөңгелетіп, игеріп отырған М.Жанадилов бағдарламаға қатысқанына дән риза.

Аймақ: 
Жамбылская область
09.01.2018