Алматы сервистік қызмет көрсету колледж студенттерімен кездесу

2017 жылдың 20 желтоқсан күні Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары «Алматы сервистік қызмет көрсету колледж» КММ-де кездесу өткізді. Осы аталып отырған колледжде өткен кездесуге 2-3 курстардың 132 студенттері қатысты.
Кездесу барысында, жұмыспен қамту саласы бойынша студенттерге кәсіптік бағдарлау, бітіруші түлектер үшін "жастар практикасының" басымдық жақтары, жазғы каникулдық демалыс кезінде қоғамдық жұмыстарға қатысу, бизнеспен айналысам деушілерге өз кәсібін ашу бойынша және электрондық цифрлық қол қою жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтер туралы, жұмыспен қамту орталығының мамандары түсіндірді. Кездесу аяғында студенттер таңдаған мамандықтары бойынша әртүрлі сұрақтар қойды, осы қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Студенттерге www.enbek.kz сайтындағы психолог Джим Барреттің тестін қолдану жайлы айтылып, 135 дана арнайы ақпараттық брошюлалар таратылды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
25.12.2017