Түркістан қаласында Бағдарлама шеңберінде мал шаруашылығын дамыту

Абсадиков Абдулхамид Маматкаримович Туркистан қаласының түрғыны жеке кәсібін ашу үшін 2017 жылдың шілде айында Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп,өтініш білдірді. Орталықтың маманынан кеңес алуымен, жеке мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуды шешті. Қажетті құжаттарды жинап,«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 5 млн.теңге көлемінде шағын несие алды. Несиеге қара малдың басын сатып алып өзінің шаруашылығымен айналасуда. Нәтижесінде 1 жаңа жұмыс орнын ашты.

Аймақ: 
Оңтүстік Қазақстан облысы
22.12.2017