Уштобе кентінде «Амира» шаруа қожалығының дамуы

Кабанов Есболат Калиматович қазіргі таңда жеке кәсіпкер, «Амира» шаруа қожалығының жетекшісі. Есболат Калиматович «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ұйымдастыруымен өтетін “Бастау Бизнес” жобасына қатысып, биылғы жылы яғыни 2017 жылы аталмыш бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2 бағыты бойынша алты миллион тенге және «Береке» мемлекеттік бағдарлама бойынша төрт миллион тенге қаражатты 6 % қайтару пайызымен 7 жылғы мерзімге несие алып, Ақжайық ауданы Жамбыл ауыл округіне қарасты Үштөбе ауылында мал өсірумен айналасуда.Қазіргі кезде 40 бас мүйізді ірі қара малын сатып алып 21 басын өсіруге 19 басын бордақылауға қойып жұмыстануда. Кабанов Есболат Калиматович ашқан жеке кәсібіне екі жұмыссыз адамды жұмыспен қамтыды.

 

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
20.12.2017