Батыс- Қазақстан облысы бойынша Бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын" жүзеге асыруға облысқа 3 млрд. 539,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген 3394,6 млн. теңгенің 3375,0 млн. теңгесі, немесе 99,4 % игерілді.
Бағдарламаның 1бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 800 адамды оқыту жоспарланып, қазіргі таңда 800 адам оқытуға жолданды. Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 3132 адамды қысқа мерзімді курстарға жолдау жоспарланды. Есепті кезеңге еңбек нарығындағы сұранысқа ие әртүрлі мамандықтар бойынша 3229 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.
Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 414 адамға несие беру (соның ішінде ауылдық жерде 300 адам, қалалық жерде 114 адам), жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 300 адам 1573,4 млн. теңге көлемінде несие алды. Бұған қоса, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 938 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, қазіргі таңда жоба бойынша жасақталған оқыту кестесіне сәйкес, 5 ауданда (Ақжайық, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Теректі) пилоттық режимде оқытудың 6 этапы аяқталып, 975 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.
Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында: - 885 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 1011 адам жолданды. - 935 жас маманды "жастар практикасына" жолдау көзделіп, есепті кезеңге 1526 жас маман жолданды, - 6073 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 6738 адам тартылды.
Жаңа Бағдарламаны іске асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2017 жылдың 3 тоқсанына 4,8%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0% (2017 жылдың 3 тоқсанына 3,7%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2017 жылдың 2 тоқсанына 5,1%) құрайды деп жоспарлануда.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
20.12.2017