ОҚО бойынша Бағдарламаның 2017 жылдың 1 желтоқсанына жүзеге асырылуы туралы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруға республикалық бюджеттен 11432,2 млн.теңге бөлініп, 64 314 адам қамтылатыны көзделді. 2017 жылдың 1 желтоқсанына бөлінген қаржының 7967,8 млн. теңгесі немесе 70 пайызы игеріліп, 86950 Бағдарлама қатысушысына әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді (жылдық жоспардың 135,1% құрады).
Оның ішінде: 33867 адам жұмыссыздар (39%);өздігінше жұмыспен қамтылғандар - 49240 (56,6%); аз қамтылғандар 27941 (34,6%); - 30770 адам жастар (35,3%); - 2229 адам мүгедектер (2,6%).
Бірінші бағыт //Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету// 2017 жылы 17695 адамды оқытуға 2893,9 млн. теңге қаралды, оның ішінде: - 2,5 жыл мерзімде техникалық және кәсіптік білім алуға 4584 адам; - жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 13111 жолдау жоспарланған. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде мамандығы жоқ азаматтар және еңбек нарығының сұранысына орай мамандық иесі болу мақсатында техникалық және кәсіптік білім алуға (4584 адам), және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (12159 адам) жалпы 16743 адам жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған 12159 адамның 9205 адамы (75,7%) оқуды аяқтап, 4286 адамы жұмысқа орналасты (46,6%).
Екінші бағыт //Жаппай кәсіпкерлікті дамыту// бойынша 2017 жылы 1500 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқытуға, 813 адамды шағын несиелеуге қатыстыру жоспарланып, жалпы 2313 адамды қамтуға 5779,4 млн.теңге қаржы қаралды. 2017 жылдың 1 желтоқсанына 1509 адам кәсіпкерлік негізінде оқуға жолданып, 1447 адам сертификат алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауда 5676,4 млн. теңге көлемінде шағын несиемен азаматтарды қамтамасыз ету жоспарланған, оның: - ауыл тұрғындарына 3 200,0 млн. теңге (үйлестіруші облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы); - қала тұрғындары 2 476,4 млн.теңге (үйлестіруші облыстық кәсіпкерлік, индустриялды инновациялық даму және туризм басқармасы).
Ауыл тұрғындары бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (1900,0 млн.теңге) және Аграрлық несие корпорация» АҚ-мен (1301,0 млн. теңге) келісім шарттар түзіліп, шағын несие беру жұмыстары ұйымдастырылып, нақты 783 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді. Қала тұрғындары бойынша облыстық кәсіпкерлік, индустриялды инновациялық даму және туризм басқармасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен келісім шарт түзіліп (1688,0 млн теңге), 7 адам 112,0 млн теңге көлемінде шағын несие алды.. Қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау жұмыстары бойынша қаржы жаратылмаған. 2017 жылдың 1 желтоқсанына 790 адам 3278,9 млн теңгеге шағын несиеленді. Орташа шағын несиенің көлемі 4,2 млн.теңгені құрайды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен іске асырылып жатқан «Ауылдық жерлерде жұмыспен қамту» жобасының шеңберінде 710 адам 1 869,6 млн. теңге шағын несие алды. Несиенің орташа мөлшері 2,6 млн. теңгені құрады. Үшінші бағыты //Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту//. Аталған бағытқа 2162,3 млн.теңге қаржы бөлініп, 49302 адамды қамту көзделді. Оның ішінде: - тұрақты және уақытша жұмыспен 35 137 адам қамтылатыны жоспарланып, нақты 49266 адам жұмыспен қамтылды (39431 адам тұрақты (80%), 9835 адам уақытша (20%)); - 6136 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды (жылдық жоспар- 3618 адам). Бөлінген қаржының 778,9 млн. теңгесі игерілді (жылдық жоспар 891,475 млн.теңге); - 5439 адам жастар практикасына жіберілді (жылдық жоспар-3709 адам), 1257,0 млн. теңге қаржы игерілді (жылдық жоспар 1260,84 млн.теңге); 6838 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, нақты 7808 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Статистикалық органның мәліметіне сәйкес 2017 жылдың 3 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 5,3%, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 4,1% құрайды.

Аймақ: 
Оңтүстік Қазақстан облысы
20.12.2017