Астана қаласы бойынша 9000 аса адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды

2017 жылғы 1 желтоқсан жағдайына Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарын іздеп 15054 адам жүгінген. Олардың 9040 адамы немесе 60% жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. 5237 адам жұмысқа орналастырылды. 915 адам "жастар практикасынаә жолданды, 220 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 2123 адам қоғамдық жұмыстарына жолданды, 545 адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданды. Бүгінгі күні, Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1135 жұмыс берушілер өздерінің 9000-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынуда.

Аймақ: 
Астана қ.
06.12.2017