«Болашақта біргеміз» жастар форумы

2017 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласындағы кәсіподақ ұйымдарымен «Алматы жастары» жастар орталығы базасында «Болашақта біргеміз» атты Жастар Форумы болып өтті. Форумға Алматы қаласы әкімшілігінің Жастар саясаты басқармасы, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар кеңесі, «Атамекен» ҰКП АФ, «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту Орталығы» КҚМ және Алматы қалалық жастар орталығының барлық басшылары мен өкілдері қатысты.
Форумның мақсаты – жастар саясаты Федерациясын жүзеге асыру, сапалы білім, еңбек нарығына қолжетімділігін қамтамасыз ету және лайықты жұмыс орны және лайықты еңбек ақын алу.
Форумда Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту Орталығы» КММ-нің кәсіптік бағдар бөлімінің басшысы К.А.Жекетаев нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында баяндама жасады. К.Жекетаев өзінің баяндамасында, Алматы қаласы тұрғындары үшін жаңа форматта жұмысқа орналастыру және оларға көрсетілетін қазмет түрлері бойынша Орталықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы нақты дәлелдемелермен түсіндіріп айтып өтті.
Сондай-ақ, бөлім басшысы форумға қатысушыларға Алматы қалалық жұмыспен қамту қызметінің тапсырмалары мен мақсатттары туралы  және бөлімнің негізгі функциялары, олардың Алматы қаласындағы еңбек нарығында талап етілген кәсіби бағдардың тізімдері туралы кеңірек сөз етті.
Жастар іс-тәжірибесі, студенттер мен мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі уақытша жұмыстары туралы және жұмысқа орналасуға белсенді әрекет етушілерге көмек көрсету туралы қатысушыларға толықтай ақпараттандырылды. Форума қатысушылар, Республика көлемінде басқа аймаққа қөшкендегі кәсіби, мобилдік еңбек ресурстары түрлері сақталуы туралы, сонымен қатар жастардың жұмысқа орналастырылуы туралы сұрақтар қойып, нақты жауап алды. Форумға қатысушылардың барлық сауалдарына жауаптар берілді.

Аймақ: 
Алматы қ.
05.12.2017