Жылқы малын өсіріп қымыз шығарумен айналасу

Бегалиев Дидар Досанович 1979 жылы 29 наурызда туылған, Жамбыл облысы, Байзақ ауданының түрғыны.«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысқанға дейнгі мәртебесі – өзін-өзі жұмыспен қамтылған жеке кәсіпкер.
2017 жылы 11 тамыз айында Халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-не «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкер Бегалиев Дидар Досанович несие жайында толық ақпарат алуға келді. Орталық маманның кеңесінен кейін өз ісін дамыту үшін 6000,0 мың теңге алуға ұйғарды. Толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін, үміткер Тараз қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына жолдама берілді. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының келісімін алғаннан кейін кәсіпкер Бегалиев Дидар Досанович 2017 жылы 22 қыркүйек айында 6000,0 мың теңге несие алып, берілген несие арқылы 15 бас жылқы сатып алған. Мақсаты, малдың басын көбейтіп, қымызын сауып өз ісін кеңейтіп және отбасылық жағдайын арттыру және отбасын жұмыспен қамту. Кәсіпкер Бегалиев Дидар Досанович осындай мүмкіншілік беріп отырған мемлекетке, Елбасымызға алғысын айтады. Көп балалы отбасына, жағдайы төмен адамдарға осындай жеңілдіктер көптен беріле берсе екен дейді кәсіпкер, және Халықты жұмыспен қамту орталығына ризашылығын білдіреді

 

Аймақ: 
Жамбыл облысы
04.12.2017