Бағдарламаның шеңберінде мал шаруашылығын кеңейту

Абилов Мухамеджан 1981 жылы 24 қарашада туылған, Жамбыл облысының тумасы.Ол 2016 жылы 11сәуір айында Халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-не «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде несие жайында толық ақпарат алуға келді.
Орталық маманның кеңесінен кейін өз ісін дамыту үшін 2 миллион 800,0 мың теңге алуға ұйғарды.Толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін, үміткерге Тараз қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына жолдама берілді. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының келісімін алғаннан кейін кәсіпкер 2017 жылы 18 қыркүйек айында 2миллион 800,0 мың теңге несие алып, берілген несие арқылы 9 бас жылқы малын сатып алған. Мақсаты, малдың басын көбейтіп, қымызын сауып өз ісін кеңейтіп, отбасылық жағдайын арттыру және отбасын жұмыспен қамту. Кәсіпкер Абилов Мухамеджан осындай мүмкіншілік беріп отырған мемлекетке, Елбасымызға алғысын айтады. Көп балалы отбасыға, жағдайы төмен адамдарға осындай жеңілдіктер көптен беріле берсе екен дейді кәсіпкер, және Халықты жұмыспен қамту орталығына ризашылығын білдіреді.

Аймақ: 
Жамбыл облысы
04.12.2017