Электрондық еңбек биржасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы елорданың жұмыс берушелірмен Дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қатысқан елорда жұмыс берушілеріне www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы және оның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді.
Жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында жеке кабинет ашу арқылы қашықтықта Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындар туралы ақпарат бере алады, сонымен қатар порталда көрсеткен бос жұмыс орындарына үміткер болған болашақ қызметкерлерін таңдай алады, ал жұмыс іздеушілер осы бос жұмыс орындарына өздерінің үміткерліктерін қалдыра алады. Халықты жұмыспен қамту орталығы осындай Дөңгелек үстелді жүйелі түрде өткізуде, бүгінгі күнде 18 Дөңгелек үстел өткізілді, 220 елорда жұмыс берушілері қатысты.

Аймақ: 
Астана қ.
29.11.2017