10-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді

2017 жылдың 29 қарашасында Ақтөбе қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдері «Трансэнерго» АҚ мекемесінде Ақтөбе қаласының №16 мектебінің 10-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді.
Жиынға «Трансэнерго» АҚ мекемесінің басшылары, 10-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері қатысты. Кәсіптік бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, инженер-педагогтардың, отбасының, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-әрекеті.
Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен байланыстырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып табылады. Кездесу мақсаты: Бүгінгі күні еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыспен қамту органдарының күнделікті жұмысымен таныстыру және Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы мағлұмат беру.
Кездесу барысында жұмыспен қамту органдарының өкілдері мен жұмысберушілер бүгінгі күнге бос жұмыс орындары бойынша ақпараттандырып,  мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдау барысында кеңестер ұсынды.

 

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
29.11.2017