9-сынып оқушыларына әлеуметтік-кәсіптік бағдар беру

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары 2017 жылы 27 қарашада Астана қаласының Ғ.Орманов атындағы № 7 мектеп-гимназияда (222 оқушы), С.Мәуленов атындағы № 37 орта мектепте (217 оқушы) және  № 22 мектеп-гимназияда (216 оқушы) 9 сыныптың оқушыларына арналған әлеуметтік-кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 655 оқушы мамандық бейімділіктерін анықтау үшін кәсіптік бағдар тестін тапсырды. Жылдың соңына дейін қаланың 40 мектептерінде 9 сыныптың 5800 оқушылары кәсіптік бағдар беру шараларымен қамтамасыз етіледі.

 

Аймақ: 
Астана қ.
28.11.2017