Кәсіпкердің батыл идеялары өмірде жүзеге асырылды

Фисенко Светлана Владимировна Щербақты ауданы, Щербақты ауылының тұрғыны, орта- арнайы білімді, отбасы құрған. "Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналға бағдарламасына" қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін - өзі қамтыған.
2017 жылы,2017-2021 жылдарға арналған НЖҚЖКДБ екінші бағытының шеңберінде Павлодар облысы Щербақты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына КММ жүгінді.
Светлана Владимировна қоғамдық тамақтану саласында көп жылдан бері жұмыс жасайды, 2012 жылы "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасының қатысушысы болған, үш миллион теңге соммасында жартылай фабрикаттар дайындау бойынша цех ашу үшін «Тамаша» кафесі ғимаратын реконструкциялауға микрокредит алды, несиелік қаражатты өтеудің икемді кестесі, артықшылықты кезең кәсіпкердің батыл идеяларын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Бағдарлама шеңберіндегі несиелендірудің шарттарын бағалай отырып, жабдықтарды жаңарту қажеттілігі туған соң Светлана Владимировна 2017 жылы 2017-2021 жылдарға арналған НЖҚЖКДБ қатысушысы болды.Мақұлдау алып, өз ісін ұлғайтуға Фисенко Светлана Владимировна 6,7 млн. теңге соммасында несие алды. Бүгінгі күні бизнесі жұмыс жасайды.
Бұдан басқа, Светлана Владимировна "жастар практикасын" ұйымдастыру бойынша тұрақты қатысушысы болып табылады. 2017 жылы екі тұрақты жұмыс орынын құрды.

 

Аймақ: 
Павлодар облысы
27.11.2017