Шиномонтаж "Реал шин"

Гаврилюк Владимир Владимирович, 2017 жылдың наурыз айында «Степногорск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын несие ресімдеу үшін өтініш білдірді.
Халықты жұмыспен орталығына өтініш білдірген сәтте Владимир Владимирович өздігінен  жұмыспен қамтылған тұлға  статусы болды.
Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша Степногорск қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-кеңесші» оқу курсын өтті. Әрине, ол өз ісімен айналыса алатынына қуанды. 2017 жылдың 29 маусымында 3 000 000 (үш миллион) теңге сома көлемінде, 2022 жылдың 23 желтоқсанына дейінгі мерзімге дөңгелек жөндеу цехыне арналған жабдықтарды сатып алу үшін  несие алды.
Бүгінгі күні 2-бөлшектеу станогін, 1-баланс станок, 2-вулканизатор, 3-домкрат, 1-компрессор сатып алып, 4 жұмыс орнын құрды.
Гаврилюк Владимир өз ісін ашуға және өзінің туған кенті Бестөбеде 5 жұмыс орынын құруға көмектескен Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болғанына алғысын білдіреді.

Аймақ: 
Ақмола облысы
22.11.2017