Шымкент қаласында Бағдарламаның 2 бағыты шеңберінде мал шаруашылығымен айналасу

Мырзақұлов Зерхат өзінің жеке кәсібін ашу мақсатында 2017 жылдың 10 сәуірінде Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, өтініш білдірді. 2017 жылдың 15 мамырында жұмыссыз ретінде тіркеліп, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ырыс» микроқаржы ұйымына жолдама алып, 12 бас қара мал бордақылау мақсатында 3 млн.теңге көлемінде шағын несие алды. Нәтижесінде 1 жаңа жұмыс орнын ашты. Мырзақұлов Зерхат Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығына және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына өз кәсібін ашуға берілген мүмкіндіктері үшін өз алғысын білдіруде.

Аймақ: 
Оңтүстік Қазақстан облысы
21.11.2017