Булаев қаласында шұжық цехының өнімі артуда

Әбілмәжінов Батыр Мұратұлы 1986 жылы туған,СҚМУ экономика факультетін бітірді, үйленбеген. Батыр Мұратұлы 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушы болды. Осы Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыды, жобасын (Булаев қаласында шұжық цехын ашу бойынша бизнес-ұсыныс) қорғап, жобаны іске асыруға МКҰ-дан 3 млн.теңге сомасында кредит алды. Алған қаражатқа ет өткізгіш және шұжық шығаратын құрал сатып алды.
2017 жылғы қаңтар айында бір тұрақты жұмыс орнын ашты,ал қыркүйек айында алған несиесін мерзімінен бұрын өтеп,"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" аясында қайтадан несие алуға жүгінді.
10 млн.теңге несие алып, оған вакуумды орауыш, термостол, өңдеуге шикі зат сатып алды. 2018 жылы Батыр Мұратұлы қосмыша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.
Батыр Мұратұлының пікірінше, бизнес тек тұрақты табыс әкеліп қана қоймай, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді."Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының" арқасында жеке ісін кеңейтуге мүмкіндік берілді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
14.11.2017