Маңғыстау облысында түйе шаруашылығын дамыту

Нурхейжа Хусиман 20.06.1979 жылы Қытай Халық Республикасының Хинджинг жерінде дүниеге келген. Мамандығы жоқ Хусиман біраз жыл жұмыссыз, әрі бала күтімімен отырғандықтан, жолдасы екеуі ақылдаса келе мал шаруашылығымен айналысуды қолға алады. Жоспарын жүзеге асыру үшін микрокредит алу мақсатында «Атамекен» КП Маңғыстау облысы бойынша филиалы тарапынан өткізілген кәсіпкерлік негіздері курсынан өтеді. Сертификатын алғаннан кейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы несие алуға қажетті құжаттарын тапсырып, 3,0 млн. теңге көлемінде несие алады. Алынған несиеге түйе сатып алып, өнімінен пайда тауып отыр.

 

>

Аймақ: 
Маңғыстау облысы
09.11.2017