Жадынама

1. Бағдарламаға кім қатыса алады?
2. Бағдарламаның қандай бағыттары бар?
3. Бағдарламаның қатысушысы қалай болуға болады?
4. Бағдарламаның қатысушыларына мемлекет қандай қолдау шараларын көрсетеді?
5. Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
6. Бағдарламаға қатысушыларын жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу қалай жүзеге асырлады?
7. Бағдарлама бойынша кім және қайда көшуге болады?
8. Әлеуметтік жұмыс орны деген не?
9. Жастар практикасы деген не?
10. Халықтың қандай санаттары нысаналы топтарға жатады?
11. Көшу үшін субсидия қандай мөлшерде төленеді?
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан бағдарлама қатысушыларына қандай жалақы төленеді?
13. Бағдарламаның қатысушыларына микрокредит беру қалай іске асырылады?

 

БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар және өзге де Бағдарламамен бекіткен басымдықтарға сай азаматтар -  Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысу үшін басымдық құқықтары бар азаматтар:

  • жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оқуларын аяқтаған соң 1 жыл көлемінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып түлектерін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және жоғары оқу орындарының бітірушілерін қосқанда;
  • он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • денсаулығына байланысты еңбекке жарамды мүгедектер;
  • ауылды жерлерде тұратын әйелдер;
  • зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі 50 жастан асқан адамдар;
  • жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; 
  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдар;
  • жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.

Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу барысында жалған деректер ұсынған тұлғалар, Бағдарлама қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау көрсету шараларына жұмсалған шығындар құны бюджетке ерікьі түрде қайтарылады, қарсылық білдірген жағдайда – сот арқылы өндіріледі

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАНДАЙ БАҒЫТТАРЫ БАР?

Бағдарлама мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

  1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
  2. жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
  3. халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ ҚАЛАЙ БОЛУҒА БОЛАДЫ?

Бірінші бағыт бойынша: ТжКБ бар кадрларды даярлау:

  1. Аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрылады. Мобильдік топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастыруды аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады;
  2. Мобильдік топтар жыл сайын 20 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мобильдік топтар бекітілген тізбеге сәйкес оқу орындары мен мамандықтарды көрсетіп, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады;
  3. Мобильдік топтар жыл сайын 25 тамызға дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) комиссияның қарауына және бекітуіне шығару үшін қалыптастырылған тізімдерді ұсынады;
  4. Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей оқу орындарымен (аудандық) қалалық комиссияның шешімін және оқитындардың тізімімен қоса, Бағдарлама шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлау туралы шарт жасайды;
  5. Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді хабардар етеді және оларға оқу орындарына жолдамалар береді;
  6. Оқу орындары үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді оқушылардың құрамына қосады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу:

  1. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына/білім беру ұйымдарына/ӨКП-лерге/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгінеді және тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген құжаттарды ұсынады;
  2. Білім беру ұйымдары/ӨКП/ауылдық округтер немесе елді мекендердің әкімдері үш жұмыс күні ішінде үміткерлерден келіп түскен құжаттар мен өтініштерді халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді;
  3. Халықты жұмыспен қамту орталықтары екі жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарын Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жібереді;
  4. Аудандық (қалалық) комиссия үміткерлердің тізімдерін үш жұмыс күні ішінде қарап, бекітеді;
  5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді. Ауылдық елді мекендерде тұратын үміткерлер ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы хабардар етіледі;
  6. Білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдауды аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Екінші бағыт бойынша: Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін микрокредит ұсыну туралы:

  1. үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға     қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
  2. микробизнес ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;
  3. халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жүгінеді;
  4. МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

Шағын қалалардан басқа қалаларда микрокредит беру туралы:

  1. үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
  2. микробизнес ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;
  3. халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жүгінеді;
  4. МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;
  5. МҚҰ/КС ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

Үшінші бағыт бойынша: Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу:

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, адамдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

  1. әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
  2. лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  3. әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
  4. жастар практикасын ұйымдастыру;
  5. қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру.

  1. Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтініш пен құжаттарды береді.
  2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.
  3. Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

Жастар практикасын ұйымдастыру.

  1. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
  2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға жастар практикасын өту мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда жастар практикасына жолдама береді.
  3. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

Нақты қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы:

  1. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен өздігінен қоныс аударған адамдар жаңа жұмыс орнына жұмысқа орналасқан сәттен бастап үш айдан кешіктірмей келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
  2. келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі және шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді;
  3. үміткерлер келіскен кезде келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді;
  4. келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары 10 жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді;
  5. аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың келіп түсуі бойынша өткізіледі;
  6. Бағдарламаға қатысуға өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша аудандық комиссиялар 10 жұмыс күні ішінде азаматтарды, оралмандарды Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;
  7. халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық (қалалық) комиссиядан ұсынымдар алғаннан күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда);
  8. келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ол туралы өтініш берушілерге хабарлайды;
  9. халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады;
  10. үміткерлерді іріктеу өлшемшарттары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

Әлеуетті қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы:

  1. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен қоныс аударуды жоспарлаған адамдар шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
  2. шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі және шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.
  3. келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарын келу өңірлері, қосымша еңбек ресурстары қажет кәсіптер, мамандарға қойылатын талаптар, жұмыс шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
  4. Бағдарламаға қатысуға келісім берген кезде үміткерлер шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді;
  5. шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді және ол туралы өтініш берушілерге хабарлайды;
  6. келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтініші мен құжаттарын Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді;
  7. келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ол туралы шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарлайды;
  8. келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады;
  9. жаңа жерге қоныс аударғаннан және нақты жұмысқа орналасқаннан кейін Бағдарламаға қатысушылар келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды береді.

 

БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТЕДІ?

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасының бағыттарына байланысты қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі::

Бірінші бағыт  «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»:

  • еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
  • жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Бағдарлама қатысушылары жұмысшы біліктілігін Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес ақысыз негізде, орта буын маманының біліктілігін негізде оқиды.
ТжКБ алған барлық Бағдарлама қатысушыларына:

  • стипендия;
  • өтемақылар төлеу және жол жүруге өтемақы;
  • ыстық тамақ беріледі.

Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»:

  1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту:
  • "Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

Жобаға қатысу үшін міндетті шарт кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынтасын анықтау үшін тестілеу кезеңінен өту болып табылады.
Оқыту жобаға қатысушылар үшін тегін болып табылады.

  1. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау:

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Бағдарламаға қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.
Микрокредиттер:

  • ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;
  • қалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.
Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.

  1. Қалалардағы және ауылдағы микрокредиттерге кепілдік беру

Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;
  • қалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берген микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруді – "ҚазАгроКепіл" АҚ, қалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.
Микрокредиттерге кепілдік бергені үшін жергілікті атқарушы органдардан алынатын комиссиялардың мөлшері кепілдік мөлшерінен ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 30 %-ды, қалаларда – 20 %-ды құрайды.
Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік ақысыз негізде ұсынылады.
Кепілдіктердің мөлшері:

  • ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін микрокредиттің сомасынан 85 %-дан аспайды;
  • жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін микрокредит сомасынан 50 %-дан аспайды.

       Кепілдік берілуге тиіс микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.

Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»:

  1. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу:
    мемлекеттік қолдау шаралары:
  • әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
  • лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
  • берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
  • іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
  • жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
  • жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.
Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

  1. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру:

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.

  • көшуге субсидия;
  • тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге.

Үкімет айқындаған өңірлерге келген оралмандарға субсидиялар шығу өңіріне және жұмысқа орналасу фактісіне қарамастан төленеді.
Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған өтінімдері бойынша Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына баратын Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

  • көшуге субсидия – әр отбасы мүшесіне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне бір рет;
  • жұмыс беруші жұмысшыға қызметтік тұрғын үй ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беру.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары орын алған қоныс аудару және жұмысқа орналасу (нақты қоныс аударғандар) фактісі бойынша да, жоспарлы қоныс аудару фактісі (әлеуетті қоныс аудару) бойынша да көрсетілуі мүмкін.

 

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУ КЕРЕК?

Бірінші бағыт «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту».
ТжКБ бар кадрлар даярлау бағдарламасына қатысушылар.
Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. білім туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  4. әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (бар болған жағдайда);
  5. жолдама.

Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарды үміткердің өзі не ата-анасы немесе заңды өкілдері тапсырады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуы.
Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  3. білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом) көшірмесі, сондай-ақ болған жағдайда, оқығанын растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмесі;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысандары бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама көшірмесі. Денсаулық жағдайы туралы анықтама көшірмесі қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін ұсынылады.

Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде халықты жұмыспен қамту орталығының, білім беру ұйымдарының, ӨКП, кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар және қалалар құрамындағы аудандар әкімдігінің қызметкері көшірмені құжаттардың түпнұсқасымен салыстырып, түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.

Екінші бағыт  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»:
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. құжат көшірмесін;
  2. жеке басты куәландыратын;
  3. тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын;
  4. толтырылған сауалнаманы.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің тізімін жобаның нысаналы тобына сәйкес келуі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және үміткерлердің тізімін ӨКП филиалына береді.
Кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар:

 

Құжаттың атауы

Құжаттың түрі

 

Жеке тұлғалар үшін

 

1*

Микрокредит алуға арналған сауалнама-өтініш

Түпнұсқа

2

Жеке басын куәландыратын құжат

Көшірме**

3

Тұлғаның тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы)

Түпнұсқа

4*

Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға ол туралы ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі

Түпнұсқа

5*

Субъектінің берілген кредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындағаны/ орындамағаны туралы барлық мәліметтерді ұсынуға және алуға мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ мен оның еншілес ұйымдарына ұсынуға және олардан алуға келісімі

Түпнұсқа

6

Бизнес жоспар

Қарыз алушы қол қойған түпнұсқа

7

Кредитті/микрокредитті алу жөніндегі мәмілені мақұлдау, шаруа қожалығының/ фермерлік шаруашылықтың/ дара кәсіпкердің уәкілетті органының мүлікті кепілге беру туралы шешімі

Түпнұсқа (кредитті мақұлдағаннан кейін ұсынылады)

8

Қызмет көрсететін банктен шоттың бары туралы анықтама

Түпнұсқа (кредитті мақұлдағаннан кейін ұсынылады)

9

Несие берешектері, оның ішінде қаржы институттарынан мерзімі өткен берешектер туралы анықтама (бар болған жағдайда)

Түпнұсқа (берілген күннен 30 күнге дейін мерзіммен уәкілетті адаммен салыстырылған көшірмесін ұсынуға жол беріледі)

10

Қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының), жалақысын және (немесе) өзге табыстарын растайтын құжаттар (жинақтау зейнетақы қорынан үзінді)

Түпнұсқа (болған жағдайда)

11

Бағалау туралы есеп

Түпнұсқа

12

Кепілдік беруші мен кепілмен қамтамасыз ету бойынша құжаттар

Көшірме**

13

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификаты (тек "Бастау Бизнес" бағдарламасына қатысушылар үшін)

Түпнұсқа

14

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткені туралы сертификат (тек бастаушы кәсіпкерлер үшін)

Көшірме**

 

Заңды тұлғалар үшін:

 

1*

Микрокредит алуға арналған сауалнама-өтініш

Түпнұсқа

2*

Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға ол туралы ақпарат беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі

Түпнұсқа

3

Субъектінің берілген кредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындағаны/ орындамағаны туралы барлық мәліметтерді ұсынуға және алуға мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ "ҚазАгро" ҰБХ" акционерлік қоғам мен оның еншілес ұйымдарына ұсынуға және олардан алуға келісімі

Түпнұсқа

4

Құрылтайшылық құжаттар және бірінші басшылардың құжаттары (жарғы/құрылтайшылық шарт, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама, бірінші басшыны сайлау туралы құжаттар, жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар, бірінші басшының жеке басын растайтын құжат)

Түпнұсқа

5

Заңды тұлғаның қол қою үлгісі мен мөрдің бедері бар құжат

Уәкілетті адамдар қолтаңбаларының төлнұсқалылығын нотариалды куәландыра отырып, түпнұсқа

6

Несие берешектері, оның ішінде қаржы институттарынан мерзімі өткен берешектер туралы анықтама (бар болған жағдайда)

Түпнұсқа (берілген күннен 30 күнге дейін мерзіммен уәкілетті адаммен салыстырылған көшірмесін ұсынуға жол беріледі)

7

Бизнес жоспар

Қарыз алушы қол қойған түпнұсқа

8

Кепілдік беруші мен кепілмен қамтамасыз ету бойынша құжаттар

Көшірме**

9

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сертификаты (тек "Бастау Бизнес" бағдарламасына қатысушылар үшін)

Түпнұсқа

Үшінші бағыт  «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»:
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шеңберіндегі  үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімдерінің анықтамасы);
  3. еңбек кітапшасының көшірмесі (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыс істейтін адамдар және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін);
  4. білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
  5. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданған кейін ұсынылады).

Жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер бұдан басқа жұмыс берушінің жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтықтығы режиміне ауыстыру, әлеуметтік демалыс беру немесе мәжбүрлі тоқтату туралы актісін ұсынады.
Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде, үміткерлер өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын, оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11507 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша өтініш беруші отбасының құрамы туралы мәліметтер;
  3. еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) не жұмыс орнынан анықтама;
  4. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) не одан бас тарту туралы комиссия шешімінің көшірмесі және уәкілетті органның шешімі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат мәліметтерін «электрондық үкімет» шалюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

 

БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДА ЖӘРДЕМДЕСУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Бағдарлама операторы, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары мынадай бағыттар бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады:

  • бос орындардың және бағдарламаға қатысушылардың  деректер қорына қолжетімділік беру;
  • бағдарлама шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы бағдарламаға қатысуға үміткерлерге консультация беру;
  • бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:

  1. дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
  2. жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
  3. іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
  4. жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
  5. жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру қызметтерін көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартуға құқылы.
Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.

  1. көшуге субсидия – әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
  2. тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия – қалалық жерге қоныс аударғандар үшін он екі ай ішінде ай сайын беріледі.

 

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША КІМ ЖӘНЕ ҚАЙДА КӨШУГЕ БОЛАДЫ?

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:

  1. жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері;
  2. орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;
  3. оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;
  4. оралмандар;
  5. жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.

Шығу өңірлерінен келу өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:

  1. мемлекеттік қызметшілерге;
  2. ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;
  3. ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды.

Шығу өңірлері айқындалған: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру үшін өңірлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер:

  1. Ақмола облысы.
  2. Атырау облысы.
  3. Шығыс Қазақстан облысы.
  4. Батыс Қазақстан облысы.
  5. Қостанай облысы.
  6. Павлодар облысы.
  7. Солтүстік Қазақстан облысы.

Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер

  1. Шығыс Қазақстан облысы.
  2. Қостанай облысы.
  3. Павлодар облысы.
  4. Солтүстік Қазақстан облысы.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ ДЕГЕН НЕ?

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар басымдыққа ие болады.
Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы орган дербес белгілейді.     

        

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ ДЕГЕН НЕ?

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды. 
Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жастар практикасына жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.

 

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАНДАЙ САНАТТАРЫ НЫСАНАЛЫ ТОПТАРҒА ЖАТАДЫ?

«Жалықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 апреля № 149 Заңына сәйкес нысаналы топтарға:

  • табысы аз адамдар;
  • 21 жасқа дейінгі жастар;
  • балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
  • кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
  • зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
  • мүгедектер;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
  • бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылғанадамдар;
  • оралмандар;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
  • жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.

  Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.

 

КӨШУ ҮШІН СУБСИДИЯ ҚАНДАЙ МӨЛШЕРДЕ ТӨЛЕНЕДІ?

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.

  1. көшуге субсидия – әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
  2. тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия – қалалық жерге қоныс аударғандар үшін он екі ай ішінде ай сайын:
  • бір адам үшін – жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде –жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – отыз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         3. тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидия – ауылдық жерлерге қоныс аударулар үшін он екі ай ішінде ай сайын төлеу:

  • бір адам үшін – он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде – он сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
  • отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚАНДАЙ ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ?

Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы орган дербес белгілейді.

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА МИКРОКРЕДИТ БЕРУ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Бағдарламаға қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.

  • ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;
  • қалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.
Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы ұсынылады.
Микрокредиттер қалаларда екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), қорландыру "Даму" КДҚ" АҚ арқылы жүзеге асырылатын микроқаржы ұйымдары арқылы ұсынылады.
Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.
Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:

  1. микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;
  2. микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;
  3. жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
  4. ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға қандай да бір комиссияларды, жинақтарды және/немесе дара кәсіпкер қарыз/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын төлемдерді қоспағанда, дара кәсіпкерлердің қарызымен/микрокредитімен байланысты төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, жинақтардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
  5. ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микрокредит/кредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;
  6. негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
  7. МҚҰ/КС/ЕДБ/"АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;
  8. агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес қарыздың мерзімдері мен сомалары Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттарына сәйкес айқындалады;
  9. бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттардың есебінен қайта кредит беруге/микрокредит беруге жол беріледі.