Жамбыл облысында жұмыспен қамту туралы

     2017 жылдың қаңтар айында 4520 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 2914 адам тұрақты ваканттық жұмыс орындарына орналасты.Ағымдағы жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 3212 адамды тартуға 875,1 млн. теңге қаралып, 1 наурызына ақылы қоғамдық жұмыстарға 1350  адам  жолданып,  олардың еңбек ақысына 85,9 млн. теңге жұмсалды. 2017 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 1054 адам жіберілуі жоспарланған, 190,8 млн.тг қарастырылды, есепті мерзімде 730 адам жіберілді.Ал жастар практикасына 1410 жас түлек жіберуге жоспарланып, 452,9 млн.тг қарастырылды, ағымдағы жылдың 1-ші наурызына 599 адам жіберілді.
    Жұмыспен қамтудың  белсенді түрлерін  іске асыру нәтижесінде 2016 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады (2015 жылдың 3 тоқсанында - 4,9%). Өткен жылдың  3 тоқсанымен салыстырғанда 15-24 жас арасындағы жастар жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыздан 4,0 пайызға, ал,15-28 жас арасындағы жастар жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайыздан 3,7 пайызға төмендеді.
   Жалпы, жұмыспен қамтылғандардың санындағы өз бетімен жұмыспен айналысушылардың үлесі  46,5 пайыздан 45,1 пайызға дейін төмендеді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
16.03.2017