Жаңаарқа ауданында ағаш өндеу цехы ашылды

     Қадірбаев Қали Елубаевич, 13.04.1961 жылы туылған, Жаңаарқа ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейін өзін-өзі жұмыспен қаму дәрежесінде болған.
       16.08.2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Жаңаарқа ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не тіркелді.
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманынан кеңес алғаннан кейін  өз ісімен айналысу үшін, 3 млн.теңге көлемінде несие алуға керекті құжаттарды жинауға кірісті. Толық құжаттарды жинағаннан кейін, үміткер Қарағанды филиалы АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Қарағанды қаласына жолданды. 12.10.2016 жылы несие алуға мақұлданғаннан кейін Кадирбаев Кали Елубаевич алынған қаржыға жабдықтар сатып алып, Жаңаарқа ауданында ағаш өндеу цехын ашты. Бүгінгі күні ағаш өңдеу цехы сәтті жұмыс істеп отыр.

Аймақ: 
Қарағанды облысы
02.02.2017